Горячие новости
Читайте также

Танымал тарихшы, Ұлы Отан соғысының ардагері Уахит Шалекенов дүниеден озды

Ғалым 96 жасында өмірден өтті.

Фото : zakon.kz19 ноября 2020, 17:25

Тарих ғылымдарының докторы, профессор және еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстанның этнографиясы бойынша еңбектердің авторы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының құрметті академигі Уахит Шалекенов 96 жасында Алматыда қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ғалымның қазасы туралы ақпаратты Асфендияров атындағы ҚазҰМУ растады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Уахит Хамзинұлының туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Уахит Шалекенов Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Бөрлі ауылында 1924 жылы дүниеге келген. Тарих ғылымдарының докторы (1967), профессор (1972). Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылым академиясының академигі (1991). Қазақстан Республикасының (1984) және Өзбекстан Республикасының (1984) еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

ІІ-дүниежүзілік соғысқа қатысқан, отставкадағы полковник. Қарақалпақ мемлекеттік педагогика институтын (1948, қазіргі Нөкіс мемлекеттік университеті) бітірген. Қарақалпақ облыстық партия комитетінде дәріскер (1948–195]), КСРО ғылым академиясының Этнография институтында аспирант (1950–1953), Өзбекстан ғылым академиясының Қарақалпақ бөлімшесінде сектор меңгерушісі (1953–1970), Шымкент мемлекеттік мәдениет институтында кафедра меңгерушісі (1970–1972) болған. 1973 жылдан ҚазҰУ-да декан, кафедра меңгерушісі болды.

700-ден астам ғылыми мақаласы, 30 монографиясы бар, оқу құралдарының авторы. "Қызыл Жұлдыз", 1- және 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии