Горячие новости
Читайте также

"Біз не үшін ақша төлеп жүрміз?". Желідегі видеодан соң "Қазавтожол" кешірім сұрады

Реагенттер жоқ, ең құрымағанда, құмға тұз араластырып сеппейсіздер ме?

Фото : видеодан алынды20 ноября 2020, 11:42

Нұр-Сұлтаннан Павлодарға ақылы жолмен бет алған жүк көлігінің жүргізушісі видео түсіріп, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ға үндеу жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Компания бұл видео үндеуге жауап беріп, кешірім сұрады.

Жүк көлігінің жүргізушісі ақылы жолға не үшін ақы төлейтінін түсінбейді, егер оның сапасы жағынан тегін жолдардан ешқандай айырмасы болмаса.

"ҚазАвтоЖол", айтыңызшы, біз не үшін ақша төлеп жүрміз? Қараңызшы, қандай бассыздық? Реагенттер жоқ, ең құрымағанда, құмға тұз араластырып сеппейсіздер ме? Біз жүк көлігімен жүреміз, онша қорқыншыты емес, ал жеңіл көліктер ше? Бір тайып кетсе, бітті ғой мынада. Ақшаны алып жата бермей, тұрыңыздар, тазалаңыздар мына жолды, әне қараңызшы, жол жиегі қалай қатып жатыр, - дейді ер адам видеода.

Оны желідегілер де қолдай кетті, ақша алғанды білетін, бірақ осылай жұмыс істегісі келмейтіндер көп бізде деп.

Жоғарыда аталған жол учаскесін жөндеуші "Ақмола құрылыс материалдары" ЖШС мердігер компаниясы автокөлік грейдерімен жолдарды қардан тазалау жұмыстарын жүргізуде! Өз кезегінде, тапсырыс беруші мердігерге қатысты келісімшарт талаптарына сәйкес тиісті шараларды қабылданды! "ҚазАвтоЖол" ҰК "АҚ Павлодар облыстық филиалы уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды! - дейді компаниядағылар.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии