Горячие новости
Читайте также

Алматылыққа екінші мәрте өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілді

2013 жылы ол сегіз адамды өлтірді деп танылған.

Фото : Pixabay20 ноября 2020, 13:39

Алматыда өмір бойына сотталып, "Қара Бүркіт" колониясында жазасын өтеп жатқан сотталушыға тағы да сот үкімі шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бір күн бұрын Алматы соты С. есімді сотталушыға қатысты қылмыстық істі қарады, ол 2013 жылы сегіз адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылып, жазасын "Қара Бүркіт" колониясында өтеп жатқан кезде оның тағы екі әйелді өлтіруге қатысы барлығы анықталды.

- 2001 жылдың күзінде С. жәбірленушілер Б. мен К.-ға олардың пәтерлерін иемдену мақсатында сеніміне кірген. 2001 жылдың қазан айында ол өзіне сенім артқан екі әйелді жалға алған үйге шақырды, одан кейін сол жерде басқа адамдармен бірге оларды өлтірді. Кейіннен С. және басқа адамдар меншік иесінің құжаттарын иемденіп, жалған сенімхаттарды қолдан отырып, пәтерлерді сатқан, - делінген Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасында.

Алқабилер бірауыздан екі немесе одан да көп адамды өлтіргені үшін соталушыны кінәлі деп тауып, оған тағы да өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии