Горячие новости
Читайте также

Қапшағайда казинолардың жұмысы жаппай тоқтатылады

Сондай-ақ, жаңа қаулыда қоғамдық көліктердің жұмыс уақытын сағат 23.00-ге дейін ұзарту қажеттігі айтылады.

Фото : Ашық дерекөздерден алынды20 ноября 2020, 15:02

Алматы облысының бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Онда осы өңірде алдында белгіленген карантиндік шектеулерді ұзарту жайы қарастырылған. Сонымен қатар, жаңа құжатта ойын мекемелері, ойынханалар, казино, сондай-ақ ұтысқа ақша тігіп, құмар ойындар өткізетін ғимараттардың жұмысына тыйым енгізілді.

Сондай-ақ, жаңа қаулыда қоғамдық көліктердің жұмыс уақытын сағат 23.00-ге дейін ұзарту қажеттігі айтылады.

Тамақтану объектілерінің жұмыс уақыты да сағат 7.00-ден 00.00-ге дейін ұзартылды. Демалыс күндері олардың жұмысына да тыйым салынады.

Сондай-ақ, жаңа қаулыда бассейіндердің, сауналардың, спа-орталықтардың жұмыс уақытын сағат 8.00-ден 22.00-ге дейін деп белгіленген.

Қаулы 22 қарашада сағат 7.00-ден бастап өз күшіне енеді.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии