Отправить на WhatsApp

Президент Қасым-Жомарт-Тоқаев 2019 жылдың 30 қыркүйегінде "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру жөніндегі" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәуелсіздіктің 30-жылдығы 2021 жылы атап өтілмек.

"Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссия (мұнан ары – Мемлекеттік комиссия) құрылсын" , - делінген №176 Президент Жарлығында.

Жарлыққа қосымша Мемлекеттік комиссия және Мемлекеттік комиссия құрамы туралы ереже берілген. Комиссия құрамы белгілі мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, саяси партиялар мен үкіметтік емес сектор өкілдерінен тұрады.

Мемлекеттік комиссия төрағасы ҚР Президенті болып табылады.

Одан бөлек комиссия құрамына:

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы - төрағаның орынбасары;

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі – хатшы кіреді.

Мемлекеттік комиссия мүшелері:

ҚР Премьер-Министрі

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы (келісім бойынша)

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы (келісім бойынша)

ҚР Мемлекеттік хатшысы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің басшысы (келісім бойынша)

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрі

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

ҚР Сыртқы істер министрі

ҚР Қорғаныс министрі

ҚР Ішкі істер министрі

ҚР Әділет министрі

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі

ҚР Білім және ғылым министрі

ҚР Денсаулық сақтау министрі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі

ҚР Мәдениет және спорт министрі

ҚР Ұлттық экономика министрі

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары,

ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі

ҚР Президентінің жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша)

"Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

"Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясының төрағасы (келісім бойынша)

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы (келісім бойынша)

"Nur Otan" партиясы жанындағы "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы (келісім бойынша)

"Қазақстанның Азаматтық Альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

ҚР Тұңғыш Президенті Қорының атқарушы директоры (келісім бойынша)

ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры (келісім бойынша)

Мемлекеттік комиссияның отырыстарына Мемлекеттік комиссияның құрамына кірмейтін лауазымды адамдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

Мемлекеттік комиссияның төрағасы Мемлекеттік комиссияның жалпы қызметіне басшылық жасап, отырыстарға төрағалық етеді.

Мемлекеттік комиссияның төрағасы болмаған кезде оның міндеттерін төрағаның орынбасары атқарады.

Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы – ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі.

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!