Маза бермеген өлік
Маза бермеген өлік
Арақ ішімдігін ішкендер арасында болатын кикілжіннің аяғы өліммен аяқталатын оқиғалар көптеп орын алуда. Соның бірі Ақтөбе қаласында 2015 жылы орын алған. Бірге арақ ішкен А.мен Г.-ның арасында кикілжің орын алады. Аяғында Г.-ның бірге болайық деген ұсынысын өзінің ар намысына тигенін сылтау қылған А. оның шынтағымен буындырып өлтіреді. Айқайға шыққан үйдің тиесі мен әйелі өлікті сарайға апарып жертөлеге жасырады. Одан кейін бірігіп тағы арақ ішкен олар ол жайында естеріне де алмайды. Ертесіне А. ізін суытады. Үйдің иесі мен бірге тұрып жатқан әйелі 2-3 күн өткеннен кейін өлікті үйдің ауласына жер қазып көміп тастайды да, әрі қарай дым болмағандай өмір сүре береді. Алайда, өзін жаназасыз көмген өлік түнде келіп түстеріне кіріп маза бермеген соң үй иесі ол туралы полиция қызметкерлеріне хабарлайды. Содан А.ны ұстап қылмыстық іс қозғалады. Сотта берген жауаптарында А. және оның қасындағылары қылмысты мойындарына алып, өкінетіндіктерін айтып қынжылды. Сот А.-ға адам өлтіру бабымен 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының бас маманы А.Қоханова