100 нақты қадам – кемел келешектің киелі көпірі

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.05.2017 16:22 Фото: zakon.kz

100 нақты қадам - кемел келешектің киелі көпірі

 

 Елбасымыз дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатында Қазақстанның Ұлт жоспары бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы аясында сот алдында үлкен міндеттемелер қойды.

Осы Ұлт жоспарының нәтижесінде «100 нақты қадам» - бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспары делінген.

Аталған реформада сот жүйесіне баса назар аударылған. Бұл мемлекеттің одан әрі дамуындағы соттардың ерекше рөлін көрсетеді. Қазіргі уақытта сот төрелігін тиімділік деңгейі экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және өзге де салаларын табысты жаңғыруын айқындаушы фактор болып табылады. Бұл бәсекеге қабілетті ұлтты дамыту үшін қажетті шарт. Бүгінде Жоғарғы Сотта жүктелген екінші институционалды реформаның барлық 11 қадамы заңнамалық тұрғыдан іске асырылуда.

Қазақстанда жаңа Азаматтық процессуалдық кодекс пен «Жоғарғы сот кеңесі туралы» жаңа заң қабылданды. «Сот жүйесі және судьялардың мәртбесі туралы» конституциялық заңға, қылмыстық - процессуалдық кодекс пен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл заңдардың әлеуеті зор екенің атап өткен жөн.

Азаматтық-процессуалдық кодекс сот төрелігі тиімділігін арттыру және сот даулары бойынша бітімгершілік институтын қалыптастыруға бірқатар мәселелерін шеше алады. Жалпы алғанда, жаңартылған заңнама қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал ететін болады.

Бұл елімізде заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, оның ішінде еліміздегі сот қызметінің беделін көтеруге, судьялардың қызметіне деген халықтың сенімін арттыруға, сонымен қатар, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу талаптарын қатайтуға бағытталып отырғанын көрсетеді.

Заңдарды мүлтіксіз сақтаған мемлекет қана өркен жайып, гүлдене бермек. Президеттік реформада басты бағыттардың бірі ретінде заң үстемдігіне басымдылық беріліп отырғаны да сондықтан.

Сот ісін жүргізу саласын реформалау мен сот органдарын жаңғырту бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралардың түпкі мақсаты - азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғаудың тиімділігін арттыру. Отандық сот жүйесін одар әрі қарай жетілдіру, жергілікті соттардың рөлін арттыру, судьялардың тәуелсіздігін жоғарылату - басты назарда.

 

Астана қаласы Алматы

аудандық сотының жетекші маманы Н.Құрман

zkadm
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: