Әйел ана- әйел басшы!

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.03.2020 13:04 Zakon.kz

Әйел ана- әйел басшы!

Әйел ана- әйел басшы!, фото - Новости Zakon.kz от 13.03.2020 13:04 

 «Әйелдер жүрген жерде әрдайым адалдық, объективтілік пен алға ұмтылу бар», - деп Елбасымыз айтқандай қазіргі кезде өзінің өнегелі ісімен лауазымды қызметін абыроймен атқарып, қай салада болмасын үлкен жетістіктерге жетіп жүрген біздің басшымыз кеңсе меңгерушісі Г. Каснайқызы туралы айтпай кету мүмкін емес.

 Гульдарига Каснайқызы ҚарМУ және Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің түлегі, маманы заңгер, өзінің еңбек жолын 2001 жылы Қарағанды облыстық сотының қылмыстық сот алқасының бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы қызметінен бастаған. Аса ауыр қылмыстық істер бойынша хаттамалар дайындап, істерді апелляциялық сот алқасына жолдап отырған. 2010 жылы Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ашылған сәттен бастап, аталған соттың кеңсе бас маманы болып тағайындалып, кеңсе жұмысын ретке келтіруге өзінің үлесін қосты. 2016 жылдан бастап осы соттың кеңсе меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып келеді.

Гульдарига Каснайқызынан алатын асыл қасиеттері өте көп, мейірімді, жанашыр, адал жан. Үнемі жанашыр танытып, білмегенімізді үйретіп ізденіс жолында жетелеп жүрген көшбасшымыз. Жұмыста кездескен әр бір қиындықты ұжым болып шешуді, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп мақалдап, сөйлеуді ұмытпаған меңгерушіміз ана тілге деген құрметін де айтып насихаттап отырады.

Мемлекеттік қызметпен қоса үй шаруасында дөңгелетіп, осы асыл қасиеттерін отбасына, екі баласына арнаған аяулы жар-асыл ана.

 Осы бүгінгі сәтті пайдаланып, Сізді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Көктем айының шуақты күндері жанұяңызға құт-береке, нәзік сезім, шуақты көңіл-күй, тәніңізге саулық, жаныңызға рахат сыйлаймыз.

 

 

Қарағанды облысының

қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының ұжымы

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: