Геннадий Головкин ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында Астанада бокс кешін өткізуге ниет білдірді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.05.2016 15:50 Zakon.kz
«Бүкіл әлемнің назары Қазақстанға тігіледі және мен бұл заңдылық болады деп ойлаймын. Біздің еліміз осындай кешке лайықты», - деді боксшы.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Астанада бокс кешін өткізуге, оны ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне орайластыруға ниетті екенін білдірді, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

«Біздің елімізде жекпе-жек ұйымдастыруды қашан да қолдаймын. Бірінші кезекте, біздің адамдарымыз осындай шоу көруге бұрыннан лайықты болғандықтан қолдаймын. Бұл ретте, билік өкілдері, спорт және бокс басшылары, бұл жекпе-жекті ұйымдастыра алатындар түсіністік танытуы керек. Келесі жылы Астанада ЭКСПО көрмесі өтеді, Қазақстандағы жекпе-жекті соған неге орайластырмасқа? ЭКСПО-2017 көрмесінің елшісі ретінде мен бұл жекпе-жек арқылы көрермендердің осындай үлкен оқиғаға назарын аударту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын», - деп жазылды Головкиннің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми тобының парақшасында.

Ол командасының деңгейі жағынан ТМД аумағында бірінші рет өтетін ұмытылмас бокс кешін өткізуге дайын екенін айтты. GGG Team-да бұл оқиғаға жұлдыздар, бокс әлемінің аңызға айналған тұлғаларын шақырып, Америкадағы бокс кештерінен еш айырмашылығы жоқ шоу өткізуге ниетті.

«Бүкіл әлемнің назары Қазақстанға тігіледі және мен бұл заңдылық болады деп ойлаймын. Біздің еліміз осындай кешке лайықты», - деді боксшы.

Фото: ztb.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: