2016 жылғы тікелей инвестициялар балансы бойынша капитал түсімі 2,6 млрд долларға тең

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.05.2016 21:49 Zakon.kz
Қазақстанның Ұлттық банкі ағымдағы жылғы І тоқсандағы төлем балансын алдын ала бағалау туралы ақпарат жариялады.

Сонымен, Ұлттық банктің алдын ала бағалауы бойынша қаржы шоты бойынша капиталдың таза кірісі (Ұлттық Банктің резервтік активтерімен операцияларды қоспағанда) 2016 жылғы І тоқсанда 1 млрд АҚШ долларын құрады. (2015 жылғы 1 тоқсанда 2,6 млрд АҚШ доллары). Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Тікелей шетелдік инвестициялар бойынша сыртқы міндеттемелер 2,4 млрд АҚШ долларына артты. Шетелдік инвесторлар Қазақстан кәсіпорындарының капиталын ұлғайтып, сондай-ақ кірістерді қайта инвестициялауы есебінен ұлғайды.

Мәліметке сәйкес, 2016 жылғы 1 тоқсанда ағымдағы операциялар шотының тапшылығы 2015 жылғы 1 тоқсандағы 125 млн АҚШ долларына тең теріс сальдомен салыстырғанда (-) 0,9 млрд АҚШ долларын құрады.

Мұнай бағасының құлдырауы жағдайларында (қаңтардың үшінші онкүндігінде Brent сұрыпты мұнайдың бағасы бір баррель үшін 27,8 долларға дейін түсті) тауарлардың экспорты 8,4 млрд АҚШ доллары болды. Бұл өткен жылдағы кезеңмен салыстырғанда 30,5%-ға төмен. Оған қоса, мұнай және газ конденсаты экспортының құны 41,1%-ға қысқарды, ал қалған тауарлар бойынша экспорт 12,8%-ға қысқарды. 2015 жылғы 4 тоқсанға қатысты экспорт 16,7%-ға қысқарды.

Тауарлар импорты 5,7 млрд АҚШ доллары болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,8%-ға кем. Айта кету керек, биылғы көрсеткіштер 2010 жылдан бері тіркелген ең төменгі көрсеткіш болып отыр.

Импорт көлемінің күрт азаюы ең алдымен бағамның түзетілуі әсері есебінен орын алды. Әсіресе азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен инвестициялық тауарлар азайып кетті.

Аталған кезеңде сауда балансының профициті 2,7 млрд АҚШ доллары болды, бұл 2015 жылғы 4 тоқсандағы көрсеткіштен 21,8%-ға жоғары.

2016 жылғы 1 тоқсанда резервтік активтер 1,1 млрд АҚШ долларына жуық қысқарды. Шетел валютасындағы активтердің төмендеуі ең алдымен екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қаражатпен операцияларына және Ұлттық банкпен валюталық своптарды өтеуге байланысты болды. Сонымен бірге, бағамды қайта бағалау және монетарлық алтын құнының өсуі, оның ішінде сатып алу есебінен өсуі халықаралық резервтердің төмендеуін теңестірді. Осылайша, 2016 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша, халықаралық резервтер 28,4 млрд АҚШ доллары болды (2015 жылдың соңында 27,9 млрд АҚШ доллары). Бұл қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер импортының 7,9 айын қаржыландыруға жетеді.

Фото:dixinews.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: