Алматыда жас жігіт 9 мың теңге үшін сатушыны 48 жерден пышақтап кетті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.05.2016 16:16 Zakon.kz
Ер адам 51 жастағы сатушыны соққының астына алып, 48 жерден пышақ сұққан.

Алматыда жас жігіт дүкенге қарақшылық шабуыл жасап, сатушыны 48 жерден пышақтап кетті, деп хабарлайды BNews.kz.

24 жастағы жігіт Бөкейханов көшесіндегі шағын азық-түлік дүкеніне түскі екілер шамасында қарақшылық шабуыл жасады. Ер адам 51 жастағы сатушыны соққының астына алып, 48 жерден пышақ сұққан.

«Сатушы есінен танғанда, қаскөй кассадағы ақшаны тексере бастаған. Онда бар-жоғы 9 мың теңге ғана болыпты. Қазір сатушы әйел ауыр хәлде ауруханада жатыр. Дәрігерлер оны өлімнен арашалап қалу үшін барын салуда», - деді Жетісу ауданы ІІБ басшысының орынбасары, полиция майоры Дәулет Сәмбетов.

Арнайы құрылған жедел топ тергеудің алғашқы сағатында-ақ күдіктінің кім екенін анықтап, қолға түсірді.

Алматы облысы, Іле ауданына қарасты елді мекендердің бірінде тұратын 24 жастағы жігіт қазір абақтыда жатыр.

«Тергеу амалдарын жүргізу барысында С.есімді азамат суық қару –пышақты қайда жасырғанын көрсетті. Заттай айғақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды», - деп толықтырды Д.Сәмбетов.

Фото:ria.ru

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: