Көлік полицейлері жалған құжат пайдаланғаны үшін Грузия Республикасының азаматын ұстады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.05.2016 22:46 Zakon.kz
Сот қаулысына сәйкес 104 шетел азаматы елден тысқары шығарылды.

Астана қаласы әуежайының Желілік полиция бөлімі қызметкерлері «Астана-Киев» рейсіне тіркеу кезінде 50 жастағы Грузия Республикасы азаматының көші-қон карточкасында ҚР ІІМ ІІО жалған мөр таңба қойылғанын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz, Көліктегі ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабы 3 тармағымен (Көрiнеу жалған құжатты пайдалану) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

2016 жылдың басынан бері Астана қаласы әуежайының Желілік полиция бөлімінде жалған құжатты пайдалану бойынша 5 факт анықталып, тіркелді.

Сонымен қатар, есепті мерзім ішінде Көліктегі ІІД қызмет көрсету аумағында Қазақстан Республикасына келу ережелерін бұзған 1551 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сот қаулысына сәйкес 104 шетел азаматы елден тысқары шығарылды.


Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: