Головкин мен Альварес бір-бірімен кездескенге дейін тағы екі-үш жекпе-жек өткізуі мүмкін

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.05.2016 16:52 Zakon.kz
Сауль «Канело» Альварес канадалық Давид Лемьемен, я болмаса, американдық Кертис Стивенспен кездесуі әбден мүмкін. Геннадий Головкин олардың екеуін де нокаутпен жеңген болатын.

Бүгінде екі жақтың промоутерлері келіссөздер жүргізіп жатыр. Олар нақты бір шешімге келмейінше бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімдеме жасамауды жөн көрді. Алайда Fightnews.com порталы осы келіссөздердің кейбір тұстарын біліп алды, деп хабарлайды Baq.kz.

Порталдың хабарлауынша, промоутерлер Головкин мен Альварес бір-бірімен кездескенге дейін тағы екі-үш бөлек жекпе-жекті ұйымдастыру мәселесін қарастырып жатыр. Негізгі мақсат – аталған жекпе-жекке халықты көптеп тартып, көбірек пайда табу. Егер екі жақ осы шешімді қолдайтын болса, онда Сауль «Канело» Альварес канадалық Давид Лемьемен, я болмаса, американдық Кертис Стивенспен кездесуі әбден мүмкін. Геннадий Головкин олардың екеуін де нокаутпен жеңген болатын. Өз кезегінде Гена американдық Дэниэл Джейкобспен кездеседі.

Айта кетейік, WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин WBA белбеуінің негізгі әрі міндетті үміткері болып саналады. Аталған атақтың иесі – мексикалық Сауль Альварес.

Бұған дейін жерлесіміз Геннадий Головкин «ЭКСПО-2017» көрмесінің елшісі ретінде Астанада үлкен бокс кешін ұйымдастырып, оны ЭКСПО-ға арнауға болады деп мәлімдеген болатын. «Мен елімізде жекпе-жек ұйымдастыруды әркез қолдаймын. Біріншіден, біздің халық баяғыдан бері үлкен шоуға лайық. Осы орайда билік өкілдері, спорт пен бокс жетекшілері, жалпы осы кешті ұйымдастыра алатындар бұл бастаманың мән-мағынасын жете түсінуі тиіс. Келесі жылы Астанада ЭКСПО атты ауқымды көрме өтеді. Неге жекпе-жекті осы шараға арнап өткізбеске? Мен ЭКСПО-2017 көрмесінің елшісі ретінде осы кездесу арқылы әлем назарын осынау үлкен шараға тарту үшін өз тарапымнан бар күш-жігерімді салатын боламын», - деді Головкин. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аталған бастаманы қолдайтынын жеткізген.

Фото: vsemma.ru

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: