Алматыда нөсер жаңбырдан 127 үйдің ауласы суға толды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.05.2016 23:08 Zakon.kz
Барлығы 180 адам, 53 техника жұмылдырылды.

Алматыда толассыз жауған жаңбырдан қаланың 5 ауданындағы 18 үйдің ауласы суға толды. Бұл мәліметті ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты, деп хабарлайды «Қазақстан» ҰТА.

Кеше кешкі 16:00-ден бастап толассыз жауған жауын салдарынан ТЖД «112» қызметіне шұғыл қоңыраулар келе бастаған.

«Барлығы жеке үйлердің ауласын су басқаны жайлы 127 дерек бар. Олардың көпшілігі Алатау ауданында болған. Мұнда 87 аула суға қалса, Наурызбай ауданында 17, Жетісу ауданында 15, Медеу ауданында - 5, Түрксіб ауданында 3 ауланы су алған. Жалпы алғанда 18 үйдің ауласы мен 109 аула аймағы судың астында қалды», - деді Р.Иманқұлов.

Қазіргі таңда оқиға орнында қалалық ТЖД апатты қалпына келтіру жасағы, Құтқару қызметі, аудандық ТЖД бөлімінің қызметкерлері, инженерлік қызмет, сумен қамту қызметі жұмыс жасап жатыр. Барлығы 180 адам, 53 техника жұмылдырылды.

Төтенше жағдайдан ешкім жапа шеккен жоқ.

Айта кету керек, бүгін әрі ертең де төтенше жағдай қауіптілігі сақталады. Қазгирометтің болжауынша, бүгін Алматы мен облыста, ОҚО мен Жамбыл облыстарында көп мөлшерде жауын-шашын түсуі ықтимал.

Фото:almaty.tv

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: