Павлодар облысында биыл 36 жағажай ашылады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.05.2016 19:50 Zakon.kz
1 мамырдан жағажай аумақтарында ТЖ департаменті, жедел-құтқару жасағы және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері судағы жазатайым жағдайларды ескертуге бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізе бастады.

Павлодар облысында биылғы шомылу маусымында 36 жағажай ашу жоспарлануда. Оның 18-і «Баянауыл» табиғи ұлттық паркінің аумағында болса, қалған 18-і жеке меншік иелігінде және мемлекеттік мекемелерге тиесілі болады. Өткен жылы барлығы 25 жағажай жұмыс істеген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткізген брифинг барысында Павлодар облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы бастығының орынбасары Сергей Лебедев мәлім етті.

- 1 мамырдан бастап жағажай аумақтарында ТЖ департаменті, жедел-құтқару жасағы және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері судағы жазатайым жағдайларды ескертуге бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізе бастады. Қазіргі уақытта жедел-құтқару жасағында 39 жүзу құралы дайын. Оның ішінде бір теплоход, үш катер, 16 металлдан жасалған моторлы және сегіз «Wind boat» үлгісіндегі, бес ескекті, 10 үрлемелі қайық, үш гидроцикл, судан өтуге арналған бір құтқару құралы бар. Ағымдағы жылы 13 мыңға жуық адамды қамтумен бес интерактивтік сабақ өткізілді, - деді Сергей Лебедев.

Фото:pavlodarnews.kz.

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: