Шардарада 12 жасар жеткіншек суға батып кетті
Zakon.kz
Көп ұзамай суға кеткен жеткіншектің денесі судың тереңдігі 3 метр түбінен табылды.
Шардара ауданында тағы бір қайғылы оқиға орын алды. 21 мамыр күні кешке Сырдария өзеніне 12 жастағы жасөспірім батып кеткен, деп жазады otyrar.kz.
Суыт хабар облыстық төтенше жағдай департаментінің апатты-құтқару жасағының кезекшісіне сол күні кешкі сағат 19:10-да келіп түскен. Құтқарушылар көрсетілген мекенжайға шұғыл аттанады.
Араға бір сағат салып көмекке келген сүңгуірлер суға түсіп, іздеуді бастап кетеді. Көп ұзамай суға кеткен жеткіншектің денесі судың тереңдігі 3 метр түбінен табылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Фото: otyrar.kz.
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript