Оралда полиция киімін киген әйелге айыппұл салынды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.08.2016 21:26 Zakon.kz
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған әйел полиция киімін киіп жүрген кезде ұсталған.

Орал қаласы мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 675-бабы 1-бөліміне сәйкес полиция қызметкерінің арнайы киімін киген әйелге 5 АЕК (10605 теңге) көлемінде айыппұл салынып, арнайы киімі тәркіленді, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған әйел полиция киімін киіп жүрген кезде ұсталған. Сот талқысында ол кінәсін мойындады және бұл іс материалдарымен расталды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Елжан Ералы

Фото: www.inform.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: