ШҚО-да парақор сот орындаушысына жаза кесілді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.09.2016 18:37 Zakon.kz
Орындаушылық санкцияны төлеу рәсімі, шын мәнінде, жылдамдатуды қажет етпейді – борышкер қажет соманы төлеген сәтте қолына қарызы жоқтығы туралы құжаттарды алады.

ШҚО-да сот орындаушысы елден шығуға шектеу қойылған азаматты есептен жылдам шығару үшін пара талап еткен және мемлекетке тиісті айыппұлды жымқырмақ болған, деп хабарлайды BNews.kz.

2008 жылы Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Жаңасемей аумақтық бөліміне ипотекалық компания пайдасына қарызды өтеп алу туралы орындау парағы түседі. Борышкер азамат банкке бірнеше жыл бойы несиесін төлемей келген. Бірақ биыл ол шет елге шығуға бел буған, ал борышкер ретінде оған ел аумағынан шығуға тыйым салынған. Сөйтіп ол қарыздың толық сомасын – 3 млн 90 мың теңгені төлеген. Қарызынан құтылған азамат Департаменттің аумақтық бөліміне қарызы жоқ туралы қаулысын көрсетіп, елден шығуға рұқсат қағазын беруді сұраған. Бірақ бөлімде аға сот орындаушы Ғалымжан Дүйсеғұлов оған қосымша соманы төлеу қажеттігін мәлімдеген.

«Заңға сәйкес, ҚР шекарасынан шығу туралы шектеуді есептен алып тастау үшін төленген қарыздың толық сомасының 10 пайызын – орындаушылық санкция төлемін өтеу қажет. Аталған жағдай бойынша орындаушылық санкция сомасы – 309 мың теңге. Бұл қаражат мемлекет кірісіне түсу керек. Бірақ аға сот орындаушы Дүйсеғұлов қарызын өтеушіден орындаушылық санкцияға нақты төлем жасамай, шектеуден алып тастауды жылдамтату үшін 160 мың теңге талап еткен», - деп түсіндірді ШҚО №2 сотының баспасөз қызметі.

Орындаушылық санкцияны төлеу рәсімі, шын мәнінде, жылдамдатуды қажет етпейді – борышкер қажет соманы төлеген сәтте қолына қарызы жоқтығы туралы құжаттарды алады.

«Ол айыпты деп танылды. Мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында жұмыс істеу құқығынан айырылып, үш жыл мерзімге сотталды, жазасын жалпы режимдегі түзету колониясында өтейді», - деп үкім шығарды Шығыс Қазақстан облысы №2 сотының судьясы Төлеген Сұлтанов.

Фото: www.trend.az

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: