Оңтүстікте 11 мыңнан астам азамат кәсіптік білім алады
Фото: zakon.kz
6853 кадр қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданатын болады.
Оңтүстік Қазақстанда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 11437 адам техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз етілмек. Бұл туралы ОҚО Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е.Бурханов мәлім етті, деп жазады zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, облыстағы еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, бағдарламаға қатысушы 4584 азамат ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, қызмет көрсету мен білім беру мамандықтары бойынша білім алады.
Ал жұмысшы 6853 кадр қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданатын болады.
Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматына тоқталған басқарма басшысының міндетін атқарушы биылғы жылы жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірген текникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектеріне арналған кешенді тестілеуге өзгерістер енгізілгенін атап өтті.
Яғни, ТжКБ ұйымының түлегі ЖОО-дағы мәндес мамандығына түсетін болса, ол 2 пән бойынша ғана тест тапсырады. Онда барлығы 60 тапсырма және тестілеу уақыты 1 сағат 40 минут. Ең жоғары балл 70, шекті деңгей 35 баллдан кем емес болуы қажет.
Фото: ontustik.gov.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript