Алматыда Шұғыла елді мекеніндегі жер дауы басылар емес
Zakon.kz
Шұғылалықтар алған бетімізден қайтпаймыз дейді.
Алматыда Шұғыла елді мекеніндегі жер дауы басылар емес. Бірнеше жылдан бері өздеріне тиесілі телімді заңдастыра алмай, сот табалдырығын тоздырып жүрген шұғылалықтардың ісі қазір Наурызбай аудандық сотында қаралуда. Алайда, осы іске қатысты құжаттар сотқа жетпей жатыр, деп жазады 31 арна.
Себебі не? Құжаттарды қолды қылғандар кім? Шағымданушы тарапты жаппай қамауға алып жатқандардың көздегені не?
"31 арнаны" ашық сотқа шұғылалықтар шақырды. Түсіру тобының процеске қатысуы үшін, сотқа қандай да бір талап арыз түсірмесе де, тілшілердің төрелік жасар жиында төбе көрсеткенін қалайтындықтарын ашық айтты. Судья да көпке созбады. Елді естіді. Екінші тараптың қарсылығына қарамастан, рұқсат етті. Ең алдымен шұғылалықтардың қорғаушысы сөз алды.
АЛЬБЕРТ ПАК, қорғаушы:
- Дәл осы іске тікелей қатысы бар құжаттарды алып кетті. Онда нақты дәлел-дәйекті құжаттар бар болатын. Сол себепті бұл істі қалай аяқтаймыз. Сот істі қарауды уақытша тоқтата тұрса деп едім.
Қорғаушының сөзінше, басқа қылмыстық іс бойынша, үйіне тінту жасағандар, осы дауға қатысты құжаттарды да тәркілеп алған. Олар құшақтап алып кеткен 30 келі құжаттың ішінде Шұғылалықтардың жерге қатысты құқын растайтын құжаттар бірге кеткен көрінеді. Бір қызығы, құжатсыз қалған тек қорғаушы ғана емес екен.
ЛӘЗЗАТ БАЙҒАЗИЕВА, Алматы облысының тұрғыны:
- Менің жұмысымнан келгенімді күтіп, әке-шешемнің документтерін алып, маған айтады үйіңде қару - жарақ бар ма деп үйіме баса-көктеп кірді солай.
ЗӘУРЕШ МАМЫТБАЕВА, Алматы облысының тұрғыны:
- Телефонымды, бәрін алып кетті. Менің туған құдамды шақырып, құдаңыз ақша алды деп үстінен жазыңыз деп қорқытыпты.
Айта кету керек, 2016 жылдың 26 қазаны күні дәл осы Наурызбай аудандық соты шұғылалық тұрғындардың даулы телімге қатысты құқын растап, "Ақ бата" компаниясына тұрғындарға тиесілі 153 гектар жерді қайтарып берсін деп қаулы шығарған-тын. Бірақ кейін атын ауыстырып алған компаниямен тұрғындар қайта соттасты. Бүгінгі сот процесінде шұғылалықтардың талабы қанағаттандырылған жоқ.
ИРИНА СОВЕТЖАНҚЫЗЫ, тілші:
- Шұғылалық тараптың қорғаушысы өзіндегі құжаттың толық еместігін айтып, сот процесін уақытша тоқтатуды сұрады. Алайда, сот қорғаушы тараптың бұл талабын қанағаттандырмады. Бірақ шұғылалықтар алған бетімізден қайтпаймыз дейді. Өйткені, оларға дәл осы іске қатысты қазір қоқан-лоққы көрметіп жатқандар көп көрінеді. Сондықтан олар соңғы үміьтін сотқа артып отыр.
Ирина Советжанқызы, Ринат Абулхаиров
Фото: Sharij.net
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript