Алматыда заңсыз дүңгіршектер жаппай қиратылып жатыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.05.2017 16:03 Zakon.kz
Науқан аяқталысымен-ақ сауда орындары жаңбырдан кейінгі шыққан саңырауқұлақтай қаулап қоя берді.
Алматыда заңсыз дүңгіршектер жаппай орнынан алына бастады. Маусым айының соңына дейін қала басшылығы төрт жүзге жуық сауда нүктесінің көзін жоймақ. Рұқсаты жоқ нысандардың сүрілетінінен кәсіпкерлер де хабардар. Алайда олардың майлы шелпектен айырылғылары келмейді. Қуып шықпайынша сауданы тоқтатпаймыз деп отырғандары да бар, деп жазады КТК телеарнасы.
Алматылықтар енді аялдамада тұрып сауда жасау дегенді мүлдем ұмытуы мүмкін. Себебі қала басшылығы заңсыз дүңгіршектермен күреске мықтап кіріскен сыңайлы. Талапқа сай келмейтін нысандардың басым бөлігі жол жиегінде орналасқандықтан, бірінші кезекте солар сүріледі. Қазір барлық кәсіпкерлерге ескерту жасалып, сауда нүктелерін босатуға уақыт берілді.

-Ондай ештеңе естіген жоқпыз. Хозяин біледі. Біз білмейміз.

-Хозяинға хабарласа аласыз ба?

-Қазір хабарласа алмаймын.

Қаланы заңсыз нысандардан тазарту жұмыстарының жүргізіліп жатқанынан барлығы хабардар. Бірақ темекі мен сусынын сатып бала-шағасын бағып отырғандардың басым бөлігі жылы орындарын босатқысы келмейді.

Данияр Орынбаев , кәсіпкер:

-Енді заң бойынша алып тастаса алып тастасын. Алмаса сатып істей берейін жұмысымды. Ертең алып тастайды мен қайда барам жұмыссыз.

Қала бойынша қара тізімге ілінген нысандардың жалпы саны төрт жүзге жетіп жығылады. Тиісті құжаттары жоқ, шаһардың көркін кетіріп тұр деген дүңгіршектердің басым бөлігі Түріксіб ауданында орналасқан екен.

Ол жерде 140 заңсыз дүңгіршек бар. Ал жалпы қала бойынша 200-ден астам осындай нысан бар.

Ерлан Омаров, Алматы қаласы кәсіпкерлік басқармасы сауда-саттық бөлімінің басшысы:

-Барлығына ескертілді. Өз еркімен заңсыз нысанды алып тастап жатқандар бар. Ал,ешқайда кетпеймін деп талапқа сай емес жерде отырып алғандардың ісін сотқа жібереміз.Оларға айыппұл салынады. Бұның барлығы қала тұрғындары үшін, қаланың көркі үшін жасалып жатыр.

Айта кететін жәйт, Алматыда заңсыз дүңгіршектерге қарсы күрес Ахмет Есімов әкім болып тұрған кезде де қарқынды жүргізілген. Онда да талапқа сай келмейтіндері сүріліп, тіл алмаған кәсіпкерлер қудалауға ұшыраған еді. Бірақ науқан аяқталысымен-ақ сауда орындары жаңбырдан кейінгі шыққан саңырауқұлақтай қаулап қоя берді. Себебі, кәсіпкерлер тексеріп келгендердің таба білді. Ал бұл жолғы жұмыстың қандай нәтиже берерін уақыт көрсетеді.

Фото: YouTube
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: