ОҚО әкімі 2016 жылдың үздік дипломат-елшісі атағымен марапатталды
Zakon.kz
Әлем журналистері ұйымының шешімімен берілген бұл сыйлықты ұйым басшысының орынбасары, белгілі журналист Орxан Селен мырза табыс етті.
Бүгінгі Түркістан қаласындағы өтіп жатқан «Түркі әлемі және ақпараттық кеңістік» атты халықаралық журналистер форумында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «2016 жылғы үздік дипломат-елші» атағымен марапатталды, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Әлем журналистері ұйымының шешімімен берілген бұл сыйлықты ұйым басшысының орынбасары, белгілі журналист Орxан Селен мырза табыс етті.
Ал, осы ретте, аймақ басшысы түркі елдерінің рухани байлығын молайтуға қосқан елеулі үлесі үшін халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні «Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады.
Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Киелі Түркістанда «Түркі әлемі және ақпараттық кеңістік» атты халықаралық журналистер форумы өтуде.
Түркі әлемінің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастырып, мемлекеттердің өзара ынтымақтастығын нығайту мақсатында ұйымдастырылған форумға Қазақстан, Әзербайжан, Башқұртстан, Бельгия, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан мен Түркия мемлекеттерінің бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен журналистері қатысуда.
Форум аясында TWESCO басшысы Халықаралық Түркі академиясы жанынан еліміздегі рухани жаңғыруды, жаңа бастамалар мен табысты тәжірибелерді насихаттайтын «Қазақстан Достар клубын» құруды ұсынды.
Бұдан бөлек, іргелі шара барысында Түркі әлемін бір-біріне және әлем жұртшылығына насихаттауға сіңірген еңбегін марапаттау және ынталандыру мақсатында тағайындалған Академияның Исмаил Гаспыралы атындағы халықаралық Медиа сыйлығының алғашқы иегерлері марапатталды.
Айта кету керек, Форум ұйымдастырушылары шетелдік қатысушы-журналистерге арнайы мәдени бағдарлама ұйымдастырып, Оңтүстік Қазақстандағы тарихи, мәдени орындарға экскурсия жасады.
Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript