Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болманов қызды болды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.05.2017 17:17 Zakon.kz
Продюсер мен әнші 4 ұл тәрбиелеп отыр.
Халық және эстрада әндерін орындаушы Қарақат Әбілдина бесінші рет ана атанды, деп хабарлайды zakon.kz.

Продюсер Қыдырәлі Болманов инстаграмм желісіне жұбайы мен балаларының видеосын жариялап, барша халықтан сүйінші сұрады.

“Сүйінші, Қазақ Елі ! Жүрегім қуанышқа толып, Алла бере салған Бақыттың “іңгәсін” естіп,кішкене абдырап,түс көріп жатқан жоқпын ба десем,ояумын,қызық та қуанышты,өң мен түс араласып кеткендей,бақыттың “нокдаун”-нан есеңгіреп қалғандай ғажап бір хәлдемін…Бәріңізбен бөліскім келеді! Қазақтың шексіз Ұлы даласына жар салып, айқайлағым келеді! Сіздерге де осындай шексіз бақыт тілеймін! Аллаға сансыз мадақ айтамын! Мейірімді Алла берекесімен бергей! Жүрегiн иман нұрымен нұрландырып, өзін де,мінезін де көркімен,ұзақ ғұмырымен,баянды Бақытымен,өзінің сүйікті құлдарының қатарынан етіп,екі өмірдің абыройын нәсіп еткей ! Барлық періште-сәбилерге де тілегім осылай.. ”, – деп жазды Қыдырәлі Болманов.



Айта кету керек, продюсер мен әншінің 4 ұлы бар.

Фото: gakku.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: