Павлодарда 13 миллион теңгеге есірткі сатпақ болған қылмыстық топ құрықталды
Zakon.kz
Есірткі сатуды көздеген ер адамнан 100 келі «марихуана» тәркіленді.
Павлодар облысында «Көкнәр» есірткіге қарсы операциясын өткізу барысында полицейлер еліміздің оңтүстік өңірінен есірткі тасымалдауына тосқауыл қойды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті ретінде ҚР ҚК-нің 297-бабы, 3-бөлігіне сәйкес 32 жастағы тұрғын ұсталды.
Есірткі сатуды көздеген ер адамнан 100 келі «марихуана» тәркіленді. Алынған заңсыз айналымның құны 12 миллион теңгені құрайды. Оның 1,5 миллион теңгеден астам тұратын бір реттік дозасының саудалауына жол берілмеді. Бұдан басқа, есірткі бизнесіне қарсы күрес қызметкерлері есірткі сату және өткізумен айналысатын 23, 30 және 33 жастағы үш облыс тұрғынынан тұратын қылмыстық топты қолға түсірді.
Олардан үш келіден аса «гашиш» есірткі құралы алынды. Заңсыз айналымның құны 1,5 миллион теңгені құрайды. Оның ішінде 100 мыңнан аса бір реттік дозасын сатудың жолы кесілді.
- Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 297-бабы, 3-бөлімінде қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Санкция бойынша күдіктілердің мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылуда. Барлық кінәлі азаматтар Павлодар қаласы ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді департаментте.
Фото: Рavlodarnews.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript