Астана қаласы ардагерлер кеңесі әуежайдың атын өзгертуді қолдайды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.06.2017 16:33 Zakon.kz
Әрі әуежайларға мемлекет басшыларының, елге еңбегі сіңген тұлғалардың есімдерін берудің халықаралық тәжірибесі бар.
Елбасы мен Астана – егіз ұғым! Қа¬зір¬гі таңда әлемдік деңгейдегі эконо¬микалық, саяси, әлеуметтік мәсе¬лелерді шешуде үлкен саяси орталық болып табылатын Астана – әлем мойындаған қала.

«Астана – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев¬тың ерлігі» дейді халқымыз. Халық айтса қалып айтпайды. Шынында, тәуелсіз мемле¬кетіміздің жаңа астанасын қалыптастыру – Тұңғыш Президентіміз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегінің жемісі.

Сондықтан, Елбасымыздың еңбегін ерекше атап өту, маңызды нысанға есімін беру ұсынысы орынды деп білемін.

Әрі әуежайларға мемлекет басшыларының, елге еңбегі сіңген тұлғалардың есімдерін берудің халықаралық тәжірибесі бар. Мысалы, Бакуде – Гейдар Алиев, Стамбулда – Ататүрік, Нью-Йоркте – Джон Кеннеди, Парижде – Шарль де Голль. Осы орайда, Астана қаласының әуежайына Елбасымыздың есімін беру идеясын толық қолдаймын.

Есілов Сансызбай Сейтжанұлы
Астана қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: