Астананың сол жағалауынан көктем шыққалы 45 заңсыз қоқыс тастайтын орын табылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.06.2017 18:02 Zakon.kz
Кінәлі азаматтардың барлығы «Есіл» ауданының жергілікті полиция қызметкерлері тарапынан әкімшілік жауапқа тартылды.
Көктем шыққалы Астананың Есіл ауданынан 45 санкцияланбаған қоқыс тастайтын орын анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА аудан әкімдігіне сілтеме жасап.

Анықталған қоқыс тастайын орындардың 43-і жойылған. Қоқыстарды көму полигонына 11 мың тонна қалдықтар жеткізілді.

Қалған екі қоқыс орындарының жағдайы маусым айының соңына дейін шешілетін болады. Тазалық жұмыстарына 3 жүк салғаш машина мен 6 жүк көлігі тартылды.

Ауданның санитарлық тазалығы күн сайын бақыланып отырады. «Есіл» ауданы әкімдігінің қызметкерлері арнайы белгіленген жерге қоқыс тастаудың 4 жағдайын анықтады.

Астана қаласының көгалдандыру тәртібін бұзғандарға өздерінің қоқыстарына қайтадан көліктеріне салып, оны арнайы полигонға апарып төгуге мәжбүр болды.

Кінәлі азаматтардың барлығы «Есіл» ауданының жергілікті полиция қызметкерлері тарапынан әкімшілік жауапқа тартылды.

Фото: inform.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: