Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Тікұшақ апаты: Sky Service әуе компаниясының жұмысы тоқтатылды

Азаматтық авиация комитеті құлаған әуе кемесі тиесілі «SKY SERVICE» компаниясының ұшуларын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апат себептерінің бірі ретінде сарапшылар ауа райының қолайсыздығын, әсіресе тұманды атап отыр. Айта кетейік, тікұшақ Францияда франко-неміс Airbus Helicopters компаниясымен жасалған. 2017 жылы шығарылған тікұшақ 6 жолаушыға арналған. Ол іскерлік жеке және туристік ұшуларға, шұғыл медициналық көмек көрсетуге, авиациялық жұмыстарға және мұнай мен газ бойынша операцияларға арналған. Естеріңізге сала кетейік, оқыс оқиға кеше сағат 16.00-де Наурызбай ауданына қарасты Тау самалы шағын ауданында болған. Әуе техникасын 51 жастағы Валентин Шитов басқарған. Бортта басқа жолаушы болмаған. Алайда пилот ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Қазір Көлік оқиғаларын тексеру департаменті оқыс оқиғаны тергеуді бастады.

Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Смотрите также
Читайте также
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии