Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также

Елордада фитнес-орталықтар қашан ашылады?

Елордадағы фитнес орталықтары жабылудың аз-ақ алында, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені әлі күнге дейін олардың жұмысына рұқсат берілген жоқ. Салдарынан келушілер қатары тыйылды, залдар қаңырап бос тұр, ал қарыздар еселеп артып жатыр. Егер жағдай осылай жалғаса берсе, жаздың аяғына қарай 7 мыңға жуық адам мүлде жұмыссыз қалуы мүмкін дейді сала мамандары.

Елордадағы фитнес орталықтардың бірі. Карантин тәртібі енгізілгелі бері келушілерге есігін ашпаған. Біздің өзімізді таңертең ертерек шақырып, ішіне әрең кіргізді. Өйткені біреу-міреу көріп қалып, жоқ жерден жауапкершілікке тартыламыз ба деп қорқады. Иесі Виталий Гребнев қалыптасқан жағдай кәдімдідей тығырыққа тірегенін айтады. Өйткені осы екі айда барлық келушіден айырылған. Сәйкесінше, қызметкерлері де жұмыссыз. Бұған қоса, жалға алу ақысы бар.

Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Смотрите также
Читайте также
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии