Лента новостей
0

Павлодарлық такси жүргізушісі шахматшы жасөспірімнің ұмытып кеткен ноутбугін қайтарып берді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.02.2016 18:02 Zakon.kz
Павлодарлық такси жүргізушісі ОҚО-дан республикалық шахмат турниріне келген 13 жастағы жасөспірімге көлікте ұмытып кеткен ноутбугі мен сөмкесін қайтарып берді.

Павлодарлық такси жүргізушісі ОҚО-дан республикалық шахмат турниріне келген 13 жастағы жасөспірімге көлікте ұмытып кеткен ноутбугі мен сөмкесін қайтарып берді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, полицейлер дереу заттарды іздеуге кіріскен.

Оқушы жүргізушімен есеп айырысқан соң сөмкесін алуды ұмытып кеткен. Бұл жайында түске қарай оның есіне түсіп, полицияға хабарласқан. Тәртіп сақшылары көлік пен жүргізушіні табу үшін сыртқы бақылау камераларын тексеріп шықты. Такси жүргізушілері полицейлерге әріптестерінің бірі жолаушысының заттарын ұмытып кеткенін және ұялы телефоны мен мекенжайын қалдырғанын айтқан, - дейді баспасөз қызметінің қызметкері Сәуле Мусинова.

Заттарды қайтарып бермек болған такси жүргізушісі Болат Айтжанов ішкі істер органдарының зейнеткері болып шықты. Ол сөмкені қаланың сыртына сапарға шықпақ болған келесі жолаушыны апаратын кезде көрген.

Фото: pavlodarnews.kz.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: