Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне барынша жағдай жасалды

Қазір ел қатарлы еңбек етіп, такси жүргізіп жүр. Баспанамен қамтылған.

Фото : 20 марта 2016, 19:42
Орал қаласындағы сайлау бөлімшелерінде мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруі үшін барынша жағдай жасалды, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Қала тұрғыны Тілек Есенов те жұртпен бірге келіп, Островский атындағы орыс театры ғимаратында орналасқан №447-ші сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Ол өндірістік жарақат алғаннан кейін айыға алмай, мүгедек арбасына таңылыпты. Бірақ, қазір ел қатарлы еңбек етіп, такси жүргізіп жүр. Баспанамен қамтылған. «Мен бүгінгі сайлауға конституциялық құқымды пайдаланып, өзімнің азаматтық ұстанымымды білдіру үшін келдім. Болашақ депутаттардан мүгедектер мәселесіне ерекше көңіл бөлулерін сұраймын», - дейді ол.

"Мен өте бақыттымын деп есептеймін Қазақстанда тұрып, өмір сүріп жатқаныма. Қазақстанның көркеюіне, одан әрі мемлекеттердің арасында бірінші қатарда болатынына мен сенемін", -дейді қала тұрғыны Тілек Есенов.

Фото:24.kz


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии