Лента новостей
0

Астанада 15 мың адам жер иемдене алады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.05.2016 16:06 Zakon.kz
Жеке құрылыс салу мақсатында Астанада 15 мың адам жер иемдене алады.

Астанада үш күннен бері Сарыарқа аудандық әкімдігі алдында таңсәріден жиналған халық толастар емес. "Жолы салынып, жарығы тартылған дайын жер телімдері жоқ" деген шенеуніктердің шешімін тыңдағылары да келмейді. Бір күнде 3 мыңнан астам өтініш қабылданған. Әкімдіктегілердің қабылдамауына шарасы жоқ. Талап сондай. Заң қатал. Алайда мұны жұрт оң жаңалыққа балап, көрші-қолаңдарын қоса алып келуде, деп жазады Алматы телеарнасы.

Аудандық әкімдік алдына қатарынан үшінші күн жиналған халықтың бір парасы ғана бұл. Бәрінің көксегені - заңды 100 шаршы метр жерді иемдену. Мақсатына жету үшін жұрт таңғы бестен бері кезекке жазылып, тәртіп сақшыларымен жаға жыртысуға дейін баруда. Ғаламтор мен WhatsApp арқылы «әрбір қазаққа тегін жер беріліп жатыр» деген қауесет ақпарды ести сала мазалары қашқан. Бар қағазын тас-тұйнақтай реттеп, әкімдік маңын торуылдауда.

"Жер беріледі деген әңгімені естіп келіп отырмыз. Көріп отырсыздар ғой, куәгерсіздер, барып кезекке тұрып, нөмірге жазылдық. Соған қуандық біз. Сөйтсек, бір кісі шығады әкімдіктен «Сіздердің жүгіріп жатқандарыңыз өтірік, бекер ол» деп. Сосын көңілімізге күдік түсті".

"Мен жалғыз емеспін, мыңдаған, екі мың адам бар мына жақта. Кеше өте алмағандар келесі күні келіп жатыр".

Ал әкімдіктегілер болса, жеке құрылысқа жер берілмейтіндігін айтып дал. Алайда халықтан келіп түскен өтініштерді қабылдамауға хақылары жоқ. Қазірдің өзінде 3200 өтініш қабылданған. Саны сағат сайын артып жатқан том-том қағазды, мамандар түнімен отырып базаға енгізуде. «Арандатушылардың арбауына түсіп қалмаңыздар» деген ақпарды дауыс зорайтқышпен айтқызып қойғанына да екі күн өткен. Алайда құлақ асып жатқан ешкім. Жер иемденіп, қабырға қалаудан қарапайым қарашаның үміті бар.

Дауыс зорайтқыш: Жер учаскелері қатаң ережеге сәйкес, учаскелер тек қажетті инженерлік коммуникациялармен қамтуға қатаң кезекке сәйкес беріледі.

"ҰЭМ ақпарат берген: «Қазақстанның кейбір аймақтарында жер беріледі» деп. Ал оның ішінде Алматы, Астана қалаларында жер беру биыл жоспарланбаған деген де сөз бар. Халық оны түсінбей өтініш беріп жатыр",- деді Астана қаласы Жер қатынастары басқармасының басшысы Телғозы Нұркенов.

Астана күніне орай «жер беріледі, тегін үй үлестіріледі» деген ақпар елордада осымен үшінші рет өршіп отыр. Жуырда мемлекеттік бағдарламамемен салынған үйлер таратылып жатыр деген смс таратқан 30 жастағы келіншек қолға түскен. Белгілі болғандай, азаматша еш жерде жұмыс істемейді.

"Астана қаласының 30 жастағы азаматшасы ұсталған. Оған тағылатын айып ҚР 274- бабы, яғни жалған ақпарат таратқаны үшін. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр",- деді Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекова.

Әкімдіктің табалдырығын тоздырған халық жел сөздің етегіне кеткеніне сенер емес. Айта кетейік, жеке құрылыс салу мақсатында Астанада 15 мың адам жер иемдене алады. Алайда бұл көрсеткіш қазірдің өзінде 103 мың адамнан асып жығылған.

Айжан Шамшидин, Бауыржан Қажақанов

Фото: kazrabat.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: