Лента новостей
0

ҚР-да 2 млн-ға жуық мектеп оқушысы профилактикалық тексерулермен қамтылған - ДСӘДМ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 30.05.2016 22:01 Zakon.kz
Бүгінде профилактикалық тексерумен 2 млн оқушы қамтылды, жыл сайын бірінші анықталған сырқат түрі әрбір үшінші жағдайда көрсетіледі.

Қазақстанда диспансерлік тіркеуде 200 мыңнан астам оқушы тұр, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде ҚР ДСӘДМ Медициналық көмек департаменті директорының орынбасары Эльмира Ахметова. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгінде профилактикалық тексерумен 2 млн оқушы қамтылды, жыл сайын бірінші анықталған сырқат түрі әрбір үшінші жағдайда көрсетіледі. Диспансерлік тіркеуде 200 мың оқушы тұр», - деді Э.Ахметова.

Ол елімізде 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек кепілдендірілген медициналық көмек аясында тегін көрсетілетінін еске салды.

«Заманауи технологиялар енгізіліп, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілуде. 6 жастан 18 жасқа дейінгі бала мектеп қабырғасында жүріп, білім беруді ұйымдастыру аясында тәрбиеленді. Мектеп медицинасының негізгі мақсаты профилактика мен балаларды заманауи деңгейде сауықтыруға жағдай жасау», - деді ДСӘДМ өкілі.

Ол сондай-ақ медициналық тексерудің қорытындысы бойынша жазғы демалыс кезіндегі сауықтыру үрдісі бойынша балалар денсаулық топтарына жіктелгенін айтты.

«Жеке сауықтыру жоспарына сәйкес балалар мектеп жанындағы лагерьлерде - 58% , қала сыртындағы лагерьлерде - 23% сауықтыруға ие болады, бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде жиі ауыратын және жіті жедел аурулармен ауыратын - 267 мың бала, стационарларда - 47 мың бала, демалыс үйлерінде және шипажайларда - 55 мыңнан астам бала сауықтырылады», - деді Э.Ахметова.

Оның мәліметінше, Қазақстанда 6 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерь, 300 қала сыртындағы лагерь және 51 профилактикалық шипажай жұмыс жасайды.

Фото: ktelegraf.com.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: