Лента новостей
0

1 маусым күні Астанада 20-дан астам мерекелік шара ұйымдастырылады

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 30.05.2016 22:53 Фото: zakon.kz
Күні бойы Тәуелсіздік сарайында ашық есік күні, «Бала - мемлекеттің болашағы» көрмесі өткізіледі, ал «Алжир» мұражайында «Мы соскучились по материнским рукам» тақырыбында дәріс оқылады.

Елордада Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған мерекелік концертке қызу дайындық жүріп жатыр. 1 маусымда Астанада 20-дан астам шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды zakon.kz, Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Күні бойы Тәуелсіздік сарайында ашық есік күні, «Бала - мемлекеттің болашағы» көрмесі өткізіледі, ал «Алжир» мұражайында «Мы соскучились по материнским рукам» тақырыбында дәріс оқылады.

Таңертең сағат 10.00 ҚР Қаржы министрлігінің алдындағы және Оқушылар сарайының алдындағы алаңдарда, Астаналық паркте және Студенттік паркте мерекелік ойын-сауық бағдарламасы басталады.

Астаналық паркте әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету үшін «Балалардың күлкісі» және «Бақыттың бәрі балаларға» қайырымдылық жәрмеңкелері өтеді. Ақбұлақ өзенінің жағасында Streеt Workout-пен жаттығуға арналған алғашқы арнайы алаң ашылады. Сонымен қатар, жастар «Астана Арена» стадионының жанындағы алаңда Open Air және «Болашақ энергиясы EXPO-2017» шоу-концертін тамашалайды.

«Алау» мұз сарайында қызықты ойын-сауық бағдарламасы, елордалық үздік би ұжымдары, аниматорлар, бойшаң қуыршақтар, эстафеталар мен байқаулар кішкентай астаналықтарға керемет көңіл күй сыйлайды.

Еске салайық, жыл сайын 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтіледі. Аталған мереке 1949 жылы қарашада Парижде Әйелдердің Халықаралық Демократиялық Федерациясының шешімімен бекітілді. Алғаш рет бұл мереке 66 жыл бұрын аталып өткен болатын.

Фото:astana.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: