Лента новостей
0

Алматыда жұмыссыздар саны азаймақ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.06.2016 21:04 Zakon.kz
Бостандық ауданы бойынша биыл жұмыс сұрап орталыққа 1286 адам келген.

Жыл басынан бері Бостандық аудандық жұмыспен қамту орталығына 1286 адам өтініш берген. Оның 90 пайызы - ұзақ мерзімде жұмыссыз жүргендер. Сол себепті мемлекет қолдауына жүгінуге мәжбүр болған. Биылдың өзінде ауданда 900-ге жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы екі қолға бір күрек тапқан. Бүгінде Алматыдағы жұмыссыздар қатарында есепші, заңгер, қаржыгер және экономист секілді мамандар көп, деп жазады Алматы телеарнасы.

Алматыда "Жұмыспен қамту-2020 жол картасы" бағдарламасының бірінші және үшінші бағыттарын жүзеге асыру әлі де жалғасып жатыр. Нақтырақ айтсақ, инфрақұрылым мен коммуналдық шаруашылық саласы есебінен қаладағы жұмыссыздардың қатарын азайту көзделуде. Былтырдан бері жұмыспен қамту орталығының Бостандық аудандық бөлімшесі 40 адамды тегін оқуға жіберген. Олар біліктіліктерін арттырып, кейбірі кәсіби қайта даярлау курстарынан өткен. Сұранысқа ие кәсіптердің ішінде аспазшы, есепші, электрик және басқа да мамандықтар бар.

"Алматы қаласы "Жұмыспен қамту - жол картасы 2020" бағдарламасы бірінші және үшінші бағыт бойынша жұмыс жасайды. Бірінші бағытымыз - инфрақұрылым және коммуналды шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету. Осы мақсатта Алматы қаласы бойынша биылға 29 нысан жоспарланып отыр. 1924 жаңа жұмыс орындарын ашылуда. Оның ішінде 970 тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтар жұмыс пен қамтылады деп жоспарлануда",- деді Алматы қаласы Бостандық аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Гүлім Ұйтқыбаева.

Бостандық ауданы бойынша биыл жұмыс сұрап орталыққа 1286 адам келген. Оның 900-ге жуығы жұмыспен қамтылған. Ішінде 119 адам әлеуметтік жұмыс орнымен қамтамасыз етіліпті. Әлеуметтік жұмысқа орналасқандардың жалақысының 38 пайызын Үкімет төлейді. Биыл тәжірибесіз 43 маман кәсіпорындарға жұмысқа жіберілген. Сондай-ақ 720 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Екі қолға бір күрек тапқандардың бірі - жауапкершілігі жоғары құрылысшы мамандығын меңгерген Алтынбек Әлиев.

"Мен жұмыспен қамту орталығынан жұмыс іздеп келген едім. Сол жердегі қызметкерлер мені осы жаққа жіберді. Рахмет сол кісілерге. Осы жерде құрылысшы болып жұмыс істеймін",- деді құрылысшы Алтынбек Әлиев.

Осылайша, халықты жұмыспен қамтитын мамандар белсенді қызмет атқаруда. Жұмыс тауып беру - міндет қана емес, адамды табыс жолына итермелеу қоғам үшін де пайдалы іс.

Жадыра Алтынбекқызы, Мұрат Тайжан

Фото: expert.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: