Лента новостей
0

Қазақстанда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар саны азайды – ҚР БҒМ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.08.2016 17:34 Zakon.kz
Бүгін жетім балаларға арналған мекемелерде әлі де 7866 бала қалып отыр.

Қазақстанда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар саны азайып келеді. 2016 жылдың басынан бастап балалар үйлері мен нәрестелер үйлерінен қазақстандық отбасыларға 829 бала берілді. Бұл, негізінен, балаларды отбасыларында тәрбиелеуге ниетті қазақстандықтардың көбеюіне байланысты. Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап, балалар үйлері мен нәрестелер үйлерінен отбасыларға 829 бала алынды: қамқорлыққа – 183 бала, патронатқа – 123, асырап алуға – 105, өздерінің туған отбасыларына 418 бала қайтарылды, деп жазады zakon.kz, pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін жетім балаларға арналған мекемелерде әлі де 7866 бала қалып отыр.

Қамқорлықсыз қалған балалар санының азая бастағандығынан, оларды тәрбиелеуге арналған мекемелер саны да төмендеп жатыр. Биыл Шығыс Қазақстан облысында 3, Қарағанды облысында 1 осындай мекеме жабылды.

ҚР БҒМ тарапынан күрделі өмірлік жағдайларға душар болған балаларға көрсетілетін әлеуметтік, психологиялық, құқықтық көмектің белсенді жұмыс жасалып жатыр. Келешекте бұл балалар үйлерінің отбасыларды қолдау орталықтарына айналдыруға жағдай туғызып отыр.

2016 жылдың 9 сәуірінде «Балалар құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда отбасында тәрбиелену практикасын кеңейту мақсатында «асырап алушы отбасы» және балалардың каникулдарғы, мереке, не болмаса демалыс күндері орналасатын жанұя – «қонақтау отбасы» деген жаңа ұғымдар енгізілді. Бұл қазақстандық отбасылардың қамқорлық мәселесіне көбірек бет бұра бастауына түрткі болып отыр.

Сонымен қатар, бұған дейін хабарланғандай, елімізде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды отбасыларына тәрбиелеуге ниетті адамдардың Республикалық дерекқоры құрылған. Биылғы шілде айынан бастап Балалар құқықтарын қорғау комитеті қазақстандық отбасыларында тәрбиелене алатын балалар туралы осы мәліметтерді пилоттық түрде жариялаған.

Қамқорлық органдарының мәліметінше, елімізде балаларды асырап алуға 1800 үміткер тіркеліп отыр.

Фото: turkystan.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: