Лента новостей
0

Кентауда «ырыс алды –ынтымақ» қоғамдық форумы өтті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.07.2016 19:02 Zakon.kz
Форумға қатысушылар тақырып аясында өз пікірлерін айтып, осының негізінде арнайы қарар қабылдады.

Кентау қаласында «Салт-дәстүрлік іс-шаралардың деңгейін биіктетудегі зиялылардың, ардагерлердің және жастардың рөлі» тақырыбында «Ырыс алды –ынтымақ» қоғамдық форумы өтті. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Қоғамдық форумда сөз алған қала әкімі Ә.Мақұлбаев көтерілген тақырып бойынша өз ойын ортаға салып, Қаратау бөктерінде орналасқан шағын қалада түрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері берекелі бірлігімен еңбек етіп, ынтымағы жарасты қоғам құрып отырғандығын жеткізді.

«Татулықтың туын көтеріп, ұлтаралық келісімнің айшықты үлгісін қалыптастырған этномәдени бірлестіктер жұмыс істеп, ана тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрін жаңғыртып келеді. Осы елдің басын біріктіріп, оны ынтымаққа біріктіру мәселесіне арналған бүгінгі форумның отырысынан күтер нәтижелеріміз көп»,-деді шаһар басшысы.

Өз кезінде қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы И.Жұмабаев пен «Әжелер» алқасының төрайымы С.Атабекқызы той мәдениетін дамытып, жастар арасында салт -дәстүрлік іс-шаралардың деңгейін көтеруде жастардың рөлі жайында айтып өтті.

Жиын соңында форумға қатысушылар тақырып аясында өз пікірлерін айтып, осының негізінде арнайы қарар қабылдады.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: