Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Кентауда оттекті өңдеп шығару цехы ашылмақ

2017 жылы пайдалануға берілетін цех толық қуаттылыққа шығып, іске қосылғанда 10 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Фото : 10 августа 2016, 15:23

Бүгінгі таңда Кентау қаласы индустриалды аймағында тағы бір жобаның іргетасы қалануда. Жеке кәсіпкер Ермек Әуезов «Оттекті өңдеп шығаруды ұйымдастыру» жобасы бойынша жаңа цехтың құрылысын бастады. Жоба құны 45 млн. болатын өндіріс орнында жылына 25500 дана оттек баллонын толтыру көзделуде. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа цехқа бөлінген жер телімі 0,25 га. Қаражат мәселесі екінші деңгейлі банк «Сбербанк» АҚ арқылы шешілуде.

2017 жылы пайдалануға берілетін цех толық қуаттылыққа шығып, іске қосылғанда 10 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Айта кетейік, бүгінде аумағы 25 гектарды құрайтын Кентау қаласының индустриалды аймағында мұнан бөлек, 4 жоба бар. Оның екеуі трансформаторға қажетті құрылғыларды шығарумен және асфальт-бетон қоспасын өндірумен айналысса, қалған екі жобаның құрылысы жүргізіліп жатыр. Олар іске қосылғанда Кентауда трансформатор бөлшектерін шығару және бентонит ұнтағын өндіру зауыттары іске қосылатын болады.

Бұл дегеніңіз біраз уақыттан кейін екі қолға бір күрек іздеген жандар тұрақты қызметке орналасып, экономикалық жағдайын жақсартады.

Фото: ontustik.gov.kz


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии