Лента новостей
0

Жол құрылысының сапасы – билік назарында

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.08.2016 18:55 Zakon.kz
Айта кетейік, жалпы облыста 199 нысанда жөндеу жұмыстар жүргізіліп, 519,9 шақырым жол мен жолаяқ және 16 көпірді пайдалануға тапсыру жоспарлануда.

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев пен қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов Шымкент қаласындағы құрылысы жүргізіліп жатқан бірқатар көшелердің жұмысымен танысты. Бұл туралы , ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Жыл басында өңір басшысының тапсырмасына орай жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып, қаланың орталық көшелерін кеңейту жұмыстары басталған болатын. Осы аталған тапсырманың орындалуын қадалаған әкімдік өкілдері Тәуке хан мен Д.Қонаев даңғылы бойындағы жолдардың жөндеу жұмыстарын аралап көрді.

Қазіргі таңда қаланың орталық көлік қозғалысындағы маңызды бағыт—Тәуке хан даңғылы бойындағы жол жиегіндегі арықтар, аяқжолдар мен пандустар жаңартылуда. Күрделі жөндеу жұмыстары осы жылдың қараша айына дейін жалғасын таппақ. Қуантарлығы, құрылыс жұмыстарына пайдаланылған қажетті материялдардың 95 пайызы отандық құрылыс өнімдері.

Айта кетейік, жалпы облыста 199 нысанда жөндеу жұмыстар жүргізіліп, 519,9 шақырым жол мен жолаяқ және 16 көпірді пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Оның ішінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 153,1 шқ. күрделі және 147,9 орташа жөндеуден, 72,3 шқ. құрылыс пен қайта құру, 146,7 шқ. елді мекендердің көшелері орташа жөндеумен қалпына келтірілетін болады.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: