Лента новостей
0

Оңтүстік пен Австрия жаңартылмалы энергия көздері саласында ынтымақтастық орнатпақ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.08.2016 19:02 Zakon.kz
Қазіргі таңда, облыста жаңартылмалы энергия көздері саласында 27 жоба іске асырылуда, оның ішінде 11 жоба күн электростанцияларының құрылысына бағытталған.

Оңтүстік Қазақстан облысы делегациясының Австрияға іскерлік сапары шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысының жаңартылмалы энергия көздері (бұдан әрі ЖЭК) саласындағы даму әлеуеті таныстырылды. Австриялық инвесторлармен энергетикалық компаниялар өкілдерін біздің өңірдің климаттық ерекшеліктері мен баламалы энергетиканың барлық түрлерін дамыту мүмкіндігі қызықтырды. Бұл туралы , ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ, австриялық инвесторлар Қазақстанның «жасыл экономика» тақырыбында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу маңыздылығын атап өтті.

ЖЭК саласы Австрияда жоғары дамыған, мұны Каринтия Федералды жерінің Үкіметінің алдағы 19-20 жылда дәстүрлі электроэнергия көздерінен «жасыл» энергетика көздерінің пайдасына толығымен бас тарту жоспарлары көрсетіп отыр.

Сонымен қатар ОҚО делегациясы жылдық айналымы 11 млрд. АҚШ долларын құрайтын, HELIOVIS заманауи күн электростанциясына барды.

Кәсіпорынның бірегейлігі, электростанцияда күн концентраторының жаңа типі HelioTube орнатылғандығы болып табылады. Аталған концентратор типі ресурстар шығынын 55%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді, яғни көмірқышқыл газының шығарылуы қарапайым күн панельдерінен анағұрлым төмен.

Бұл ретте, Оңтүстік Қазақстан облысында электроэнергияның айтарлықтай жетіспеушілігі туындап отырғандығын атап өтуге болады. Ішкі жүйелер өңірдің электроэнергия қажеттілігінің тек жартысын ғана қамтамасыз етіп отыр. Электроэнергиясының жетіспеушілігі негізінен жақын өңірлерден жеткізілу арқылы орны толтырылып отыр.

Электроэнергиясының жетіспеушілігін жою үшін өңірдің табиғи әлеуетін, яғни жылына 300 күн шығып тұратын күн шуағын пайдалану жоспарлануда.

Тұтастай алғанда, Оңтүстік Қазақстан облысында жаңартылмалы энергия көздерін пайдалану кең айналым алып келеді. Қазіргі таңда, облыста жаңартылмалы энергия көздері саласында 27 жоба іске асырылуда, оның ішінде 11 жоба күн электростанцияларының құрылысына бағытталған.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: