Лента новостей
0

ҚР Премьер-Министрі Шымкент МӨЗ-ның өкілдерімен отын нарығы мәселелерін талқылады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.08.2016 18:02 Zakon.kz
Қазақстанның барлық үш МӨЗ-ын жаңғырту 2018 жылға қарай ҚР автокөлік отыны нарығында импорт алмастыруды қамтамасыз етеді.

Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Кәрім Мәсімов «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС-не барды. Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртудың үкіметтік бағдарламасына енген ауқымды жобаны жүзеге асыру барысы туралы Премьер-Министрге кәсіпорын президенті Ц.Ши мен бірінші вице-президенті А. Тұрысбеков баяндады. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және жөндеу» жобасы 2011 жылы басталды, барлық жұмыстарды 2017 жылдың соңында аяқтау жоспарланған. 2016 жылдың қаңтар-мамырында ШМӨЗ өндірген өнім көлемі ақшалай мәнде 22 млрд теңгеден асты. Жаңғыртудан кейін К5 экологиялық кластың (ЕАЭО елдеріндегі Еуро-5 баламасы) талаптарына сәйкес зауыт жоғары октанды бензин шығарады. Зауыттағы өңдеу қуаттылығы 90%-ға дейін тазарту тереңдігімен шикі мұнай 5,2-ден 6 млн тоннаға дейін өседі деп күтілуде.

Бүгінгі таңда Қазақстанда үш МӨЗ - Павлодар, Атырау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жұмыс жасайды. Дегенмен, ішкі нарықтың сұранысын олар қамти алмайды. Отандық отын-энергетикалық нарықты дамыту мәселелеріне Үкімет Елбасының тапсырмасы бойынша ерекше көңіл бөледі.

Өңірлерге жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Павлодардағы және Атыраудағы МӨЗ-на барып, Қазақстан үшін маңызды өндірісті жаңғырту және жөндеу барысымен танысты. Бұдан өзге, Атырауда Кәрім Мәсімов отандық мұнай сервисінің өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр екі жұмыс тобын құруды тапсырды, олар бір айлық мерзімде өзекті мәселелерді жинақтап, оларды шешудің нақты ұсыныстарын әзірлеулері тиіс. Қазақстанның барлық үш МӨЗ-ын жаңғырту 2018 жылға қарай ҚР автокөлік отыны нарығында импорт алмастыруды қамтамасыз етеді.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: