Лента новостей
0

Жеке көлігімен студентті қағып өлтірген ауыл әкімі 5 жылға сотталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.08.2016 21:26 Zakon.kz
26 ақпан күні Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Қалмағамбетов жол бойында тұрған көлікті соғып, салдарынан өндірістік тәжірибеден өтуге ауылға барған студентті қағып өлтірді.

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылының әкімі Нұрлыбек Қалмағамбетов осы жылдың 26 ақпанында студент Әділхан Қуанышалинді көлігімен қағып, мерт қылған болатын. Бүгін сот үкімі шығып, экс-әкім 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол 2 миллион теңге моральдық шығынды өтейді, деп хабарлайды Bnews.kz.

Экс-әкім Нұрлыбек Қалмағамбетовтің ісі Мұғалжар аудандық сотында қаралды. Ол Қылмыстық кодекстің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы», «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік мас күйдегі адамның көлік құралын басқаруы», «Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу» баптары бойынша сот алдында жауап берді.

«Кеңкияқ селолық округінің әкімі Н.Қалмағамбетов мас күйінде көлік жүргізген, жылдамдықты асырып, жол ережесін бұзып, жолдың шетінде тұрған «Ваз-21013» автокөлігінің артында тұрған жәбірленуші Ә.Қуанышалинді басып кеткен. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Ал көлік жүргізушісі А.Хасеннің денсаулығына зиян келтірді. Бірақ Н.Қалмағамбетов сол күні ішімдік ішкенін және оқиға орнынан әдейі қашып кеткенін мойындаған жоқ. Бұл мән-жай куәгерлердің жауаптарымен расталды. Экс-әкім Н.Қалмағамбетов 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді. Сонымен қатар, Н.Қалмағамбетов 7 жыл бойы көлік жүргізе алмайды»,- деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, экс-әкім 2014 жылдың маусымында 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған екен. Соған қарамастан ол ауыл ішінде жеке көлігін айдап жүрген. Сот үкімімен сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 2 миллион теңге моральдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, 26 ақпан күні Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Қалмағамбетов жол бойында тұрған көлікті соғып, салдарынан өндірістік тәжірибеден өтуге ауылға барған студентті қағып өлтірді.

«Ол бала – Жаңажол өндіріс орнында тәжірибеден өтуге келген студент. Ата-әжесі Абылай мен Айсұлу ауылда тұрады, ал ата-анасы Аман мен Шандоз Ақтөбе қаласында. Қалай болғанын нақты білмеймін. Бірақ студент мінген такси Кеңқияқ пен Саркөл арасындағы тасжолда тоқтап қалған. Ал Әділхан Қуанышалин соны итермек болған. Сол кезде ауылдық округтің әкімі артынан барып түйіп, баланың екі аяғын сындырып жіберген. Cтудент бала қайтыс болды»,- дейді ауыл тұрғыны Ғайса.

Фото: rostov.press

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: