Лента новостей
0

ОҚО әкімі үш ұстазға пәтер кілтін тарту етті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.08.2016 17:16 Zakon.kz
Үздік нәтижеге қол жеткізіп, біліктілігімен көзге түскен ұстаздар Білім және ғылым министрлігінің, облыс әкімінің Алғыс хатымен, Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталды.

Білім беру саласы қызметкерлерінің облыстық тамыз педагогикалық кеңесінде облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов үш мұғалімге пәтер кілтін тапсырды, деп хабарлайды Bnews.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

№66 «Қазығұрт» жалпы орта мектебінің дене шынықтыру g2y3 мұғалімі Бағлан Баймаханов 3 бөлмелі пәтер, ал №23 мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімі Жанар Мұстафаева мен №55 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Муккарам Тұрғынова 2 бөлмелі пәтердің кілтіне ие болды. Енді олар «Нұрсәт» шағын ауданындағы жаңадан салынған көпқабатты үйдің тұрғындары атанбақ.

Бұл қуанышты сәт бар уақытын сарп етіп, ел ертеңі саналатын ұл-қыздарды тәрбиелеп, аянбай тер төгіп жүрген ұстаздар қауымын бір серпілтіп тастады.

«Шынымды айтсам, ерекше толқып тұрмын. Мен үшін ерекше есте қалатын тарихи сәт. Ұстаздық атты ұлы жолды таңдағаныма өкінбеймін. Алты жылдан бері сабақ беріп келемін. Барлық мұғалімдер осындай бақытқа кенелсін деп тілеймін», - дейді Бағлан Баймаханов.

Бұдан бөлек, үздік нәтижеге қол жеткізіп, біліктілігімен көзге түскен ұстаздар Білім және ғылым министрлігінің, облыс әкімінің Алғыс хатымен, Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталды.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: