Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

ОҚО жаңа көпір пайдалануға берілді

Көпір құрылысын бас мердігер «СК»ДАР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Көпірдің жалпы ұзындығы 63 метр, ал ені 4 метр болады.

Фото : 26 августа 2016, 12:37

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» стратегиялық бағдарламасына сәйкес, қала әкімдігі қала аумағындағы халықтың тұрмыс жағдайы мен халықтың әлеуметтік қажеттілігіне қажетті нысандардың жай-күйін зерделеп, қала тұрғынадарына қажетті нысандардың тізімін жасап, нысандардың құрылыс жұмыстарын, жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен іске асырылуда. Бұл туралы zakon.kz, Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Осы іс-шара аясында Стадион тұрғын ауданындағы халықтың жүріп-тұруына қажетті көпір құрылысын салу жұмыстары жоспарға енгізіліп, Қабылсай сайынан өтетін жаяу жүргіншілер көпір құрылысын салу бірінші кезекке қойылған болатын.

Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Конституция күніне және Арыс қаласының 60 жылдық мерейтойларына орай Стадион тұрғын ауданындағы Қабылсай сайынан өтетін жаяу жүргінші көпір құрылысы пайдалануға берілді.

Көпірдің салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі С.Ертай, қала әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, зиялы қауым өкілдері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты түрде ашылған көпірдің лентасын қала әкімі С.Ертай және Арыс қалалық «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Б.Исламбеков қиып, ашты.

«Арыс қаласында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жүргізіп отырған мемлекеттік саясаттың арқасында халық үшін маңызы зор бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысы аяқталып отыр. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады»-деді қала әкімі С.Ертай.

Көпір құрылысын бас мердігер «СК»ДАР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Көпірдің жалпы ұзындығы 63 метр, ал ені 4 метр болады.

Ашылу рәсіміне қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырып, өз өнерлерін көрсетті.



Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии