Лента новостей
0

ОҚО "Спорт бізді біріктіреді" атты волейболдан жарыс ұйымдастырылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.08.2016 21:53 Zakon.kz
Волейбол жарысында өзін белсенді көрсете білген бірқатар жастар да марапатталды.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Конституция күніне орай саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында "Спорт бізді біріктіреді" атты тақырыпта волейболдан жарыс ұйымдастырылды. 14-29 жас аралығындағы жастар арасында өткен спорттық іс-шара аудандық №1 спорт мектебінің директоры А.Нарбеков пен аудандық «Қоғамдық келісім және жастар ресурстық орталығының» директоры міндетін уақытша атқарушы О.Нұрланұлының жылы лебіздерімен басталды. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімдігінің баспасөз орталығы берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараға бірқатар мекеменің жас қызметкерлері мен ауыл жастары белсенді қатысып, жарыс тартысты өтті. Жарыс соңында аудандық жастар орталығының директоры міндетін уақытша атқарушы О.Нұрланұлы жеңімпаздар мен белсенді жастарды марапаттады. Жарыс нәтижесі бойынша «Шаян» газеті ұжымы 1-орынды, 2-орынды аудандық емхана қызметкерлерінен құралған команда, ал 3-орынды ауыл жастарынан құралған команда иеленіп диплом және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Волейбол жарысында өзін белсенді көрсете білген бірқатар жастар да марапатталды. Атап айтсақ, үздік қорғаушы номинациясы бойынша Болат Қуаныш марапатталса, үздік ойын көрсеткені үшін: Алдамзаров Төлеген, Медеуова Дана, Тәжік Хадижа, Момышев Дінмұхамед, Сарсалиев Елдос естелік сыйлықтар мен дипломмен марапатталды.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: