Лента новостей
0

Атырауда қырылған малдың иелеріне өтемақы төленеді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 07.09.2016 16:45 Zakon.kz
Ауру көршілес Ресейдің Астрахань облысы аумағынан келген болуы ықтимал. Дерт маса, шыбын секілді жәндіктер арқылы жұққан деген болжам бар.

Атырауда нодулярлы дерматиттен өлген малдың иелеріне өтемақы төленетін болды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 120 млн теңге бөлінген. Ал бір малдың құны қанша тұратынын мамандар әлі де есептеу үстінде. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министірлігінде өткен шұғыл жиында мәлім болды, деп хабарлайды bnews.kz.

Еске салайық, індет салдарынан тек Құрманғазы ауданындағы 16 елді мекенде 695 ірі қара мал қырылған еді. Ал 4920 бас малға симптомдық емдеу шаралары жүргізіліп, нәтижесінде 2086 бас ірі қара емделген.

Мамандардың айтуынша, қазір малға тиісті егу шаралары жасалып келеді. Дегенмен әу баста малдың қандай дертке ұшырағанын білмей, уақыт оздырып алғандықтарын да жасырмады. Салдарынан мал арасындағы індет айтарлықтай асқынып, 27 шілдеден бастап өңірде карантин жарияланған болатын, деп жазады astanatv.kz.

«Бізде дайындық шамалы болды. Қазір дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. 4 ауданда өлген малдың иелеріне сол тәртіп бойынша ақша төленеді. Өзіміз ақылдасқан соң, ақшаны төлейміз, әрі кетсе 1 айдың ішінде», - дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов.

Ауру көршілес Ресейдің Астрахань облысы аумағынан келген болуы ықтимал. Дерт маса, шыбын секілді жәндіктер арқылы жұққан деген болжам бар. Мұны Ресей мамандары да растаған. Ал ветеринар мамандардың айтуынша, бұл аурудан айыққан мал болашақта төлдемейді. Сүті де айтарлықтай азайып, салмағы бұрынғымен салыстырғанда жеңілдеп қалуы мүмкін.

Фото: www.agroacadem.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: