Лента новостей
0

Павлодарда 15 студентке қала әкімінің білім гранттары табысталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 07.09.2016 21:10 Zakon.kz
Тегін білім алу мүмкіндігіне ие болған жастар Павлодар қаласының жоғары оқу орындарында педагогикалық, техникалық және гуманитарлық мамандықтарын меңгереді.

Павлодар қаласы әкімінің атынан аз қамтамасыз етілген 15 студентке жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттар табыс етілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

- Елімізде мемлекет тарапынан жастарымыздың дүниеге келген сәтінен бастап жоғары білім алуы үшін барлық жағдай жасалып, әрдайым қолдау көрсетіледі. Павлодар қаласында он жылдан бері ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтамасыз етілген отбасында өскен 11 сыныптың түлектеріне қала әкімінің грантын беру дәстүрге айналған. Мұндай көмек түрі жоғары оқу орындарының проректорлары мен қалалық мәслихаттың депутаттары, қорғаншылық органы өкілдерінен құрылған қалалық комиссияның шешімі бойынша тағайындалады. Әлеуметтік көмек бөлу кезінде мамандықтардың еңбек нарығында қаншалықты сұранысқа ие екені ескеріледі. Белгілі мамандық иесі атанғаннан кейін де болашақта жұмысқа орналасуға көмек көрсетілетін болады, - деді қала әкімі Нұржан Әшімбетов.

Тегін білім алу мүмкіндігіне ие болған жастар Павлодар қаласының жоғары оқу орындарында педагогикалық, техникалық және гуманитарлық мамандықтарын меңгереді. Сондай-ақ бір адам Семей мемлекеттік медициналық университетінде жалпы медицина мамандығына оқиды. Айта кетерлігі, 2016-2017 оқу жылдары Павлодар қаласы әкімінің гранттары бойынша 61 студент білім алуда. Олардың 19-ы төртінші курс, 13-і үшінші курс, 14-і екінші курс және 15-і бірінші курстың студенттері.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Рavlodarnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: