Лента новостей
0

«Студенттік құрылыс жасақтарының» жабылу салтанатты іс-шарасы өтті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 07.09.2016 21:34 Zakon.kz
«Студенттік құрылыс отряттары» Шымкент қаласында Қазақстан кинотеатрының және Нұр Сәт, Қайтпас, Тұран мөлтек аудандарындағы көп қабатты үйлердің құрылыс жұмыстарына өз үлестерін қосқан.

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік университетінде «Студенттік құрылыс жасақтарының» жабылу салтанатты іс-шарасы өтті, деп жазады zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Шымкент қаласындағы бірқатар мердігер компания басшыларымен болған келіссөз нәтижесінде студенттердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Студенттік құрылыс жасақтарына» студенттерді еңбекке тарту жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жыл басында облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес құрылыс компания басшыларымен болған мәжілістің нәтижесінде 2016 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің құрылыс мамандығында білім алған 360 аудан, қалалардан 140 студент құрылыс компанияларында «Студенттік құрылыс отрядтары» аясында құрылыс жұмыстарында еңбек етті. Құрылыс жұмыстарының бітуіне ат салысқан студенттердің орташа жалақысы 50-60 мың теңгені құрады.

Атап айтар болсақ «Студенттік құрылыс отряттары» Шымкент қаласында Қазақстан кинотеатрының және Нұр Сәт, Қайтпас, Тұран мөлтек аудандарындағы көп қабатты үйлердің құрылыс жұмыстарына өз үлестерін қосқан.

Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Б.Жанәбіл облыстағы құрылыс жұмыстарына қатысқан студенттерге алғыс білдіріп арнайы дипломмен марапаттады, алдағы уақытта студенттердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында бұл бастама тұрақты түрде жүргізілетінін айтты.


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: