Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Қазақстанның жалпы резервтері 95,6 млрд долларды құрап отыр - ҰБ

Ұлттық банктің алтын валюта резервтері тамыз айының соңында 30,7 млрд долларды құрады.

Фото : 9 сентября 2016, 11:24
Қазақстанның резервтерінің жалпы сомасы бүгінгі күні 95,6 млрд долларды құрап отыр. Бүгін Ақордада өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында ақша-кредиттік саясат жөнінде баяндаған ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев осылай мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

«Ұлттық банк қысқа мерзім ішінде ақша және валюта нарықтарындағы жағдайды тұрақтандырды. Бұған бірінші кезекте әлемдік валюта нарығындағы жағдайдың жақсаруы себеп болды. Екіншіден, Үкімет пен Ұлттық банктің дағдарысқа қарсы бірлескен жедел шаралары әсер етті», деді Бас банкир.

Оның айтуына қарағанда, Ұлттық банктің алтын валюта резервтері тамыз айының соңында 30,7 млрд долларды құрады. Осы жыл басынан резервтер он пайызға яғни, 2,8 млрд долларға өсті. «Ұлттық Қордың валюталық активтері 64,9 млрд долларды құрады. Оның деңгейі тұрақты болып қалуда. Бұл трансферттерді Ұлттық қордан жоспарлы түрде алуға қарамастан болып отыр. Еліміздің резервтерінің жалпы сомасы бүгінгі күні 95,6 млрд долларды құрап отыр», деді Д. Ақышев.

Автор: Қанат Мәметқазыұлы

Фото: www.inform.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии