Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Тәуелсіздіктің 25 жылдығында ауылдардың ажары арта түсті

13 сентября 2016, 10:31

Болашақта үлкен демалыс орнына айналуы тиіс аллеяға биіктігі 25 метр болатын еліміздің туы орнатылмақ.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, Бәйдібек ауданының орталығы Шаянда алты аллея салу жоспарланған болатын. Бұл туралы zakon.kz Оңтүстік Қазақстан Облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінге дейін ауданда «Құрметті азаматтар» және «Жастар» аллеяларының құрылысы аяқталып, наурыз айында пайдалануға берілді.

Қазіргі таңда Бәйдібекте «Мәңгілік ел» аллеясының құрылыс жұмыстары басталды. Шаян ауылының кіре берісіндегі жол бойында орналасатын аллея республикалық бюджеттен қаржыландырылып, жалпы алаңы 0,75 га аумақты алып жатыр. Айта кету керек, бұрын бұл жердың орны бос жатқан алаң болатын.

Болашақта үлкен демалыс орнына айналуы тиіс аллеяға биіктігі 25 метр болатын еліміздің туы орнатылмақ. Арнайы қоршалып, жан-жағы абаттандырылатын орын заманауи жарықтандыру құралдарымен жабдықталып, оған субұрқақтар орнатылады. Нысан осы жылдың қараша айында пайдалануға берілмек. Мұндай өзгерістерге жергілікті халық та дән риза.

Мұнан бөлек, аудан жетекшілігі, алдағы күндері тағы үш аллеяның қазығын қағуды жоспарлап отыр. «Қобыз», «Үш би» және «Мұхтар Әуезов» деп аталатын саяжолдардың құрылысы таяуда басталады деп күтілуде.

Фото: ontustik.gov.kz


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...