Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Павлодарда 68 жастағы ер адам тоғызыншы қабаттан секіріп кетті

Қазіргі уақытта оның бұл қадамға не себеппен барғаны анықталу үстінде. Ал, ер адамды кеше тірісінде көрген көршілері қос аяғы семіп қалған азаматтың өз күшімен суицидке барғанына сене алар емес.

Фото : 14 сентября 2016, 16:00
Павлодарда 68 жастағы ер адам тоғызыншы қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Марқұмның терезеден құлағанын көрген куәгерлердің пайымдауынша, бұл жағдай оның жарты жыл бұрын арбаға танылғанымен байланысты болуы керек.

Пәтерде жалғыз өзі қалған зейнеткер алдымен терезеден басын шығарып тұрған. Қарсы беттегі тұрғын үйдің көршілері оны мұндай қадамға баруына тосқауыл болуға тырысқан. Дегенмен олардың бұл әрекеті сәтсіз аяқталған. Көп ұзамай ауладағы ағаштардың арасына құлаған азамат сол жерде жан тәсілім еткен.

Қазіргі уақытта оның бұл қадамға не себеппен барғаны анықталу үстінде. Ал, ер адамды кеше тірісінде көрген көршілері қос аяғы семіп қалған азаматтың өз күшімен суицидке барғанына сене алар емес.

- Николай Иванович осыдан жарты жыл бұрын сал болып қалған еді. Үйінде арбамен қозғалып жүретін. Оның өзіне-өзі қол салуына не себеп болғанын білмейміз. Жұбайы жәрдемақысы жөнінде білуге кеткенде жарық дүниемен қош айтысқан, - дейді көршісі Галина Матухова.

Айгерім Жанкашова

Фото: Рavlodarnews.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии